1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіТеміртауда жасөспірімдер қозғалыстағы көлік артына жабысып, жолда өмірлерін қатерге тікті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қарағанды облысында кәмелетке толмаған үш баланың жолда кетіп бара жатқан ГАЗель автокөлігіне жармасып, жол бойымен қозғалған сәті түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде тарады.
Оқиға жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзумен қатар балалардың өміріне елеулі қауіп төндірген. Жедел түрде жүргізілген тексеру нәтижесінде оқушылардың жеке тұлғалары анықталды. Олар 10-11 жас аралығындағы мектеп оқушылары болып шықты. Барлық бала заңды өкілдерімен бірге полиция бөліміне жеткізілді. Балалардың ата-аналарына қатысты бала тәрбиесіне немқұрайлы қарағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Аталған іс бойынша материалдар кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жолданды. Сонымен қатар жасөспірімдер мектепішілік есепке алынатын болады. Полиция қызметкерлері ата-аналарға балаларының жүріс-тұрысын бақылауда ұстаудың және оларды жолдағы қауіп-қатерден сақтандырудың маңыздылығын еске салады. Мұндай немқұрайлық қайғылы жағдайларға алып келуі мүмкін.
Бұған дейін 16 жастағы жасөспірім 8 жастағы баланы зорлағаны туралы жазған едік.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?