Бүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрікАқтөбе облысында жол апатынан қаза тапқандардың арасында бес бала, полиция қызметкері және самбодан Қазақстан чемпионы бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Балалар Маңғыстау облысында жеке қайырымдылық қоры ұйымдастырған Halyk Open Cup футбол турниріне Әйтеке би ауданының Құмқұдық ауылынан Ақтөбе қаласына қарай шыққан.
Балалар вокзалдан пойызға отыруы керек еді. Олардың қолында билеттері болды... Пойызға отыру үшін әрқайсысының ата-анасынан алынған сенімхат болды. Әр баланың ата-анасы нотариалды куәландырылған құжат берді, - деді Әйтеке би ауданының әкімі Дәулетияр Тоғызбаев.
Облыс орталығына балалар екі көлікпен шыққан. Жүк көлігімен соғысқан Toyota Ipsum-нің ішінде 4,5,6 сынып оқушылары мен үш ересек болған. Бірі ауыл мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі екі ұлымен ажал құшты. Турнирге баруды ұйымдастырған сол мұғалім екен.
Айта кетейік, жол апатына күдікті ретінде жүк көлігінің жүргізушісі қамауға алынды. Алдын ала мәлімет бойынша ол қарсы бетке шығып кеткен.
Бүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді