22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыБала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Семейде төмен сыныпта оқитын баланы ұрып-соққан оқушыларға қатысты тың дерекпен бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Динара Зәкиева Абай облысының әкімі Берік Уәлимен кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу мәселелерін және Семей қаласында жасөспірімдер тарапынан жасалған қылмысты талқылады. Қылмыстардың алдын алудың негізі – отбасылармен жұмыс істеу және мектепте балалармен жеке жұмыс істеу.
Балалар омбудсменінің мәліметінше, жас балаға қатысты қылмыс жасаған екі жасөспірімнің ата-аналары бұған дейін баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамаған ата-аналар ретінде кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияда қаралған. Ата-аналардың бірі наркологиялық диспансердің есебінде тұр. Ал екінші отбасында бала мектепішілік есепке алынған.
Осындай жағдайға тап болған отбасылармен кешенді жұмыс жүргізу қажет, әсіресе бұл жұмыс қабылданған заңға сәйкес елдің барлық аудандарында ашылуы тиіс Отбасын қолдау орталықтары арқылы жүзеге асырылуы керек. Қазір Абай облысында мұндай орталық тек бір ауданда ғана бар, болашақта тағы 10 аудан мен екі қалада, соның ішінде Семей қаласында да ашылуы қажет. Сол себепті әкіммен осы отбасын қолдау орталықтарын ашу, сондай-ақ заңға сәйкес қорғаншылық органдары қызметкерлерінің санын арттыру және қыркүйек айынан бастап мектептерде енгізілген бірыңғай тәрбие беру бағдарламасының іске асырылу сапасы мәселелерін талқыладық. Әкім бұл мәселелерге ерекше назар аударатынын атап өтті,-деп жазды Динара Зәкиева желі парақшасында.
Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі қалалық комиссияның отырысы өтті. Ал өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкіл осы уақыт бойы зардап шеккен бала мен оның жанұясының жанында болды. Қажетті көмек көрсету үшін барлық тиісті шаралар қабылдануда.
Біз бұған дейін Семейде төменгі сыныпта оқитын баланы ұрып-соғып, қорлық көрсеткен жоғары сынып оқушылары арнайы мектепке жіберілетіні туралы жаздық.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев