Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыДинара Закиева мәжілісмендер қабылдаған отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң жобасы туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін біз Президент тапсырмасымен мемлекеттік органдармен, депутаттармен және ҮЕҰ-ның қатысуымен бірнеше ай бойы жұмыс істеген әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заң жобасы бірінші оқылымда қабылданды. Жыл басында Мемлекет басшысы зорлық-зомбылыққа қарсы күрестегі ең маңызды қағидат — қоғамда бұл зұлымдыққа нөлдік төзімділікті дамытуды атап өтті. Осы постулаттың іске асырылуы зорлық-зомбылық үшін жазаның бұлтартпаушылық қағидатын қамтамасыз ететін осы Заң жобасы бола алады, - дейді омбудсмен.
Заң жобасының жекелеген нормалары әлі де талқыланады және бұл ретте зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің ешқалай түсіндірілмейтінін және ақталмайтынын есте ұстаған жөн. Бұл, меніңше, бірауыздан келісілген қағида және қоғам үміті, петициялар, үндеулер мен ең өкініштісі - әр көрсеткішінің артында бала немесе оның анасының өмірі тұрған жантүршігерлік статистика бұған дәлел. Балалар мен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа тосқауыл қоя алатын тиімді және жұмыс істейтін заң қабылдауымыз маңызды, - деп жазжы Динара Зәкиева.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары