30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыЖаңа оқу жылының басталуына санаулы күн қалғанда Астанада балалардың жолдағы қауіпсіздігіне арналған акция өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Sergek Group және Vision Zero Community қоғамдық қоры бірлесіп ұйымдастырды. Акция барысында полиция қызметкерлері балалардың жол қозғалысы ережелерін қаншалықты білетінін тексеріп, дұрыс жауап бергендерге жарық шағылыстыратын таспалар мен естелік сыйлықтар табыстады.
Жарық шағылыстыратын таспа не үшін қажет?
Жарық шағылыстыратын элементтер қараңғы уақытта жаяу жүргіншінің жолда анық көрінуіне көмектеседі. Әсіресе күз-қыс мезгілінде күн ерте бататындықтан, мұндай құралдардың маңызы арта түседі. Таспаны киімге, сөмкеге немесе рюкзакқа тағуға болады. Ол көлік фарасының жарығын шағылыстырып, жүргізушіге жаяу жүргіншіні ертерек байқауға мүмкіндік береді.
Алайда жол қауіпсіздігі тек баланың жол ережесін білуімен немесе жарық шағылыстыратын элемент тағуымен шектелмейді. Бұл мәселеде жүргізушілердің жауапкершілігі, ата-аналардың түсіндіру жұмысы және қалалық инфрақұрылымның қауіпсіздігі де маңызды.
Балалар қатысатын жол апаты азайған
Акцияның өткізілуіне жаңа оқу жылының басталуы ғана себеп болған жоқ. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің дерегіне сәйкес, 2026 жылдың басынан бері елімізде балалардың қатысуымен 5 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелген. Бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 6 пайызға аз.
Дегенмен жол апаттарының азаюына қарамастан, мәселе әлі де өзекті. Биыл тіркелген жол-көлік оқиғаларында 7 мыңнан астам бала зардап шегіп, 160-тан астамы қаза тапқан.
Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Ақтоты Боранова балаларға жол ережесін жай ғана жаттатып қою жеткіліксіз екенін атап өтті.
Жаңа оқу жылы басталар алдында алдын алу жұмыстарын күшейтеміз. Бала жол ережесін жаттап қана қоймай, оны күнделікті өмірде қалай қолдану керегін түсінуі маңызды. «Заң мен тәртіп» қағидаты ережені құрметтеуден басталады. Сондықтан бұл дағдыны бала кезден қалыптастырып, жолдағы қауіпсіздікті бірге қамтамасыз етуіміз керек, – дейді Ақтоты Боранова.
Қазіргі таңда жол қауіпсіздігін арттыруда камералар мен автоматтандырылған жүйелердің маңызы зор. Олар жолдағы жағдайды бақылап, ережебұзушылықтарды анықтауға көмектеседі. Бірақ технология адам факторын толық алмастыра алмайды.
Технология жолдағы жағдайды бақылауға, қауіпті сәттерді анықтауға көмектеседі. Бірақ рөлдегі адам үшін шешімді ешқандай жүйе қабылдамайды. Сондықтан технология мен алдын алу жұмыстары қатар жүруі керек. Біз мемлекетпен және қоғамдық ұйымдармен бірге әр баланың мектепке барар жолы қауіпсіз болуы үшін жұмыс істейміз, – дейді Sergek Group компаниясының бас директоры Евгений Ким.
Баланың қауіпсіздігі кімге байланысты?
Балалар жол қозғалысы ережесін қаншалықты жақсы білгенімен, олардың әрекеті әрдайым алдын ала болжана бермейді. Бала жолдан өтіп бара жатып алаңдауы, ойнап кетуі немесе белгілі бір ережені бір сәтке ұмытып қалуы мүмкін. Сондықтан жолдағы қауіпсіздік жауапкершілігін тек баланың өзіне жүктеу дұрыс емес.
Жарық шағылыстыратын білезік пен жол ережесін білу маңызды. Бірақ баланың аты бала: ол бір сәтке алаңдап, ойнап кетуі немесе ережені ұмытып қалуы мүмкін. Сондықтан қауіпсіздікке қатысты жауапкершілікті баланың өзіне артуға болмайды. Жүргізушілер жылдамдықты сақтап, жолда ерекше мұқият болуы керек. Ал қалалық орта қауіпті әрекеттерге жол бермейтіндей ұйымдастырылуы тиіс. Vision Zero қағидатының мәні де осы: адамның бір қателігі қайғылы жағдайға әкелмеуі керек. Балалар кінәлі емес, олардың қауіпсіздігіне ересектер жауапты, – дейді Урбанист әрі Vision Zero Community қоғамдық қорының жетекшісі Ерқанат Зайытов.
Vision Zero жайлы
Vision Zero – жол-көлік оқиғаларынан болатын адам өлімін нөлге жеткізуді көздейтін тұжырымдама. Оның негізгі қағидаты – жолдағы қателікті толығымен болдырмау мүмкін болмағанымен, сол қателіктің адам өліміне немесе ауыр жарақатқа әкелуіне жол бермеу.
Бұл тәсілде жол қауіпсіздігі тек жаяу жүргіншінің немесе жүргізушінің міндеті ретінде қарастырылмайды. Жолдың құрылысы, жылдамдық режимі, көлік құралдарының қауіпсіздігі, жарықтандыру, жол белгілері және бақылау жүйелері бір-бірімен байланысты қарастырылады.
Жаңа оқу жылы басталған кезде бұл мәселе ерекше маңызды. Мектептер мен балабақшалардың маңында көлік қозғалысы көбейетіндіктен, жүргізушілер жылдамдықты сақтап, жаяу жүргіншілер өткелдеріне жақындағанда барынша мұқият болуы керек.
Ал ата-аналар балаларымен бірге мектепке баратын бағытты алдын ала жүріп өтіп, жолдан қай жерден және қалай өту керегін түсіндіргені жөн. Қарапайым әдеттердің өзі баланың жолдағы қауіпсіздігін арттыруға көмектеседі.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды