30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҚазақстандағы балалар хирургиясының негізін қалаушы, педиатр-дәрігер, академик Камал Ормантаев дүниеден озды. Бұл туралы Асфендияров атындағы ҚазҰМУ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Академиктің өмірден өткені туралы ақпаратты оның ұлы Жарас Ормантаев та растады.
Бүгін түнде ардақты әкем, қазақстандық балалар хирургиясының негізін қалаушысы - Академик Камал Ормантаев өмірден озды, - деп жазды Жарас Ормантаев өзінің Facebook-тегі парақшасында.
Камал Саруарұлы 1936 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. 1953 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының педиатрия факультетіне түсіп, медицина саласындағы жолын бастады. 1968 жылы осы институттың балалар хирургиясы кафедрасын басқарды, бұл қазақстандық балалар хирургиясының ғылыми мектебінің қалыптасуына негіз қалады.
Қазақстандағы балалар хирургиясының негізін қалаушы, педиатр-дәрігер, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ғылым қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанның профилактикалық медицина академиясының академигі және вице-президенті, 1999 жылғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
Өзінің айрықша еңбек жолында ол 20 000-ға жуық күрделі операция жасап, мыңдаған баланың өмірін сақтап қалды. Оның еңбегінің арқасында 1 500-ден астам дәрігер дайындалып, олардың көпшілігі Қазақстанда ғана емес, шетелде де жетекші маман атанды.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды