2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі«Балалар жылы» аясында «Қазақконцерт» қабырғасында кешенді жаңа жоба - «Балалар филармониясы» атты оқушылар абонементі іске қосылады, деп хабарлайды El.kz мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жобаның негізі мақсаты - жас дарындарды өнер әлемінде үйлесімді дамытып, сұлулық пен әдемілікті дұрыс ұғынуға жетелеп, оларда сезім байлығын қалыптастыруға түрткі болу.
Жоба аясында ұйымның шығармашық ұжымдары дәріс-концерттерді ұсына отырып, өнерімен топ жарған майталмандарымыз жас мамандарды даярлауда өздерінің кәсіби шеберліктерімен бөліседі.
Атап айтсақ, «Қазақтың музыкалық аспаптары», «Классикалық музыкалық аспаптар», «Мюзикл дегеніміз не?», «Домбырадағы орындаушылық мектептер» атты дәріс-концерттер, сондай-ақ вокалдық, актерлік, би секілді сұңғат өнердің түрлері бойынша шеберлік сабақтары ұйымдастырылады.
Сонымен қатар жоба абонементін пайдаланушы «Қазақконцерттің» ұйымдастыруымен өтетін отандық кинокөрсетілімдер мен таңдамалы концерттерді тамашалай алады.
«Балалар филармониясы» жобасы биылғы жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында әр сенбіде сағат 12.00-де өтеді.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс