29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАнглияның солтүстігіндегі Ливерпульге жақын Саутпорт қаласында балалар би клубына шабуыл жасалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Екі бала пышақ жарақатынан қайтыс болса, тағы тоғызы ауыр жараланды. ВВС ақпаратынша, балаларды қорғамақ болған екі ересек адам да жарақат алған. Шабуыл жасады деген күдікпен жақын маңдағы Бэнкс қаласының 17 жастағы тұрғыны қамауға алынды. Оның балалар клубына неге шабуыл жасағаны белгісіз.
Оқиғаның себебін анықтау үшін тергеу жүргізіп жатырмыз. Тұрғындарды болжам жасамауға шақырамыз. Оқиғаның лаңкестікке қатысы жоғын да растай аламыз, – дейді жергілікті полиция.
Куәгерлердің айтуынша, шабуылдаған жасөспірім Саутпорт орталығына таксимен келіп, жүргізушіге жол ақысын төлеуден бас тартқан. Бетперде таққан соң, бірден балалар клубына кіріп, пышақпен шабуылдаған.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек