Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыЕлімізде «Жанымызда батырлар – еңбек адамдары» балаларға арналған республикалық сурет байқауы басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқу-ағарту министрлігінің ақпаратына сүйенсек, байқауға еліміздің барлық мектеп оқушылары мен мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері қатыса алады.
Байқаудың мақсаты – жас ұрпақтың еңбекке және жұмысшы мамандығындағы адамдарға деген құрметін қалыптастыру, сондай-ақ қатысушылардың шығармашылық әлеуетін ашу. Әсіресе, бала туындысында өндірістік мамандықтарға ерекше назар аударылуы тиіс.
Қатысу шарттары қарапайым:
жұмысшы мамандығының кейіпкерін салу;
суреттерді Instagram-ға #ЖанымыздаБатырлар және #ЖұмысшыМамандықтарыЖылы хэштегтерімен жариялау;
@kazakhmys.news және @rumcdo_official аккаунттарын белгілеу;
өтінішті konkurs_parlament@mail.ru поштасына жіберу.
Әр орынға бағалы сыйлықтар қарастырылған, ал үздік 10 жұмыс қала көшелерінде билбордтарға ілінеді. Сайыс қорытындысы 19 маусымда www.ziyatker.org сайтында жарияланады.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары