Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекИспания астанасы Мадридте балалар арасында «Евровидение» байқауының жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Байқауда To My Mom («Анама») әнін орындаған 11 жасар грузиялық Андрия Путкарадзе жеңіске жетті.
Грузия өнерпазына Италия, Эстония, Албания, Армения, Кипр, Испания, Нидерланд, Сан-Марино, Украина, Португалия, Исландия мен Мальта мүмкін болған 12 ұпайдан берді.
Путкарадзе нәтижесінде 239 ұпайға иелік етсе, екінші орын алған португалиялық дарын 213 ұпай еншіледі.
Бұған дейін аталған байқауда Грузияның жас әншілері 2008, 2011, және 2016 жылдары жеңіске жеткен. Осылайша, олар осымен төртінші рет, яғни рекордтық көрсеткіште жеңіске жетіп отыр.
Биылғы ән байқауына Эстония, Франция, Испания, Албания, Армения, Грузия, Нидерланд, Кипр, Ирландия, Италия, Мальта, Польша, Португалия, Солтүстік Македония, Германия, Сан-Марино мен Украина қатысты.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?