30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыБүлдіршіннің видеосын анасы ТікТок парақшасында жариялады. Онда балабақшада қазақтың ұлттық киімін киген бір топ бүлдіршінді көруге болады. Олар мерекелік дастархан басына жайғасып, соңында орыс баласы ас қайырады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Осы отырған барлығымызды, бір Құдайым сақтасын,
Асқа адалдық берсін, басқа амандық берсін»,-дейді бүлдіршін.
Балақайдың ас қайырған видеосын көрген желі қолданушылары қазақи тәрбие беріп отырған ата-анасына риза болып, бүлдіршінге ыстық лебіздерін жаудырды.
«Орыс балапан жарайсың», «Мықты», «Ата-анасына алғыс», «Ой, алтын бала! Бақытты бол, айналайын», «Бәрекелді, айтқаның келсін», «Түрінен сол. Батаң қабыл болсын», «Барлық балапандарды Алла қолдасын», «Сары балапанның өмірі ұзақ, денсаулығы мықты болсын», «Жандарым сол, қазақ елінің болашақ мақтаныш ұрпақтары», «Айтқаныңды Алла қабыл етсін. Айналайын аман бол» деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, ас қайырып, көптің жүрегін елжіреткен бүлдіршіннің есімі – Алан. Ол қазақ тілінде еркін сөйлейді.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды