7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?
Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтің қатысуымен «Білім сапасын қамтамасыз етудің ұлттық жүйесі» тақырыбында панельдік сессияның жалпы отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz.
Отырыс барысында министр жекеменшік балабақшаларға лицензиялауды мәжбүрлі түрде енгізу жоспарланып отырғандығын айтты.
Оның айтуынша, балабақшаларды аттестациядан өткізу кезінде үстінен өтіп қана қоймай, жалпы қажетті критерийлерді ескеру керек. Лицензиялауды енгізу кезінде мемлекеттік және жекеменшік балабақшаларға бірдей талап қойылатын болады. Басты міндет – балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды төмендетпеу.
«Мектепке дейінгі ұйымның ғимараты міндетті түрде меншікте болу керек деген талап жоқ. Бірақ, балаларды терезесі жоқ жертөледе тәрбиелеуге де жол берілмейді, яғни оларға өте қолайлы жағдай жасау керек. Балабақшалар орындай алатын талаптар қойылады. Айтарлықтай қатаң шаралар болмайды», – деді министр.
Сондай-ақ отырыста педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру, пәндерді оқыту әдістемесін жетілдіру, оқытушылардың біліктілігін арттыру жолдарына талдау жүргізілді.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?