2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліБұл туралы Үкімет отырысында ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды El.kz
«Президент балабақшаларда жұмыс істейтін педагогтердің жалақысын көбейтуді және жүктемелерін азайтуды тапсырды. Қазіргі уақытта балабақшаларда 1 педагогке 25 баладан келеді. Орташа жалақылары 147 мың теңгені құрайды. Бұл республика бойынша орташа жалақыдан төмен», - деді ол.
Министрдің дерегінше, балабақшаға баруға ниет етіп, кезекке тұрғандарды есепке алғанда 2-6 жастағы балалардың 88 пайызы, ал 3-6 жастағылардың 98 пайызы балабақшамен қамтылған.
«Осыған орай Президенттің тапсырмасы бойынша тәрбиешілердің жүктемесі азайтылады және балаларды балабақшамен қамту бойынша қосымша шаралар қолданылады. Бұған қоса, балабақша педагогтерін аттестаттаудың жаңа жүйесі енгізіліп, жалақылары көбейтіледі», - деді Асхат Аймағамбетов.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс