Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМәжілісте бала күтіміне байланысты маңызды құқықтық өзгеріс ұсынылды. Егер түзетулер қабылданса, үйде отырып үш жасқа дейінгі балаға қараған әкелердің де бұл уақыты ресми еңбек өтіліне есептелетін болады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бүгінгі жалпы отырыста депутат Асхат Аймағамбетов әлеуметтік саланы қамтитын жаңа заң жобасын таныстырып, қолданыстағы жүйедегі маңызды олқылықты атап өтті. Қазір жұмыс істемейтін аналар үш жасқа дейінгі бала күтімімен үйде отырса, бұл кезең олардың еңбек өтілі ретінде мойындалады. Бірақ дәл осындай құқық әкелерге берілмеген.
Депутаттың айтуынша, ұсынылып отырған норма – әділдікті қалпына келтіруге бағытталған:
Бұл тек техникалық өзгеріс емес. Бұл – әлеуметтік әділеттілікке және ата-аналық жауапкершілікті тең бөлуге арналған маңызды қадам, – деді Аймағамбетов.
Егер заң қабылданса, баласын күтіп отырған әкелер де дәл аналар сияқты еңбек өтілін жинай алады. Бұл өзгеріс отбасы институтындағы рөлдердің теңдігін нығайтуға ықпал етеді.
Асхат Аймағамбетов әріптестерін заң жобасын бірінші оқылымда қолдауға шақырды.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?