Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Ақтөбеден Бакуге бет алған ұшақ Атырауға шұғыл түрде қондырылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Ішінде 37 жолаушы бар ұшақ 5 ақпан күні Астана уақытымен 19:21-де (Атырау уақытымен 18:21) қонды. Ұшақ жолаушылардың біріне шұғыл медициналық көмек қажет болғандықтан қондырылды. Экипаж алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жақын жердегі әуежайға қону туралы шешім қабылдады. Әуежайға қонғаннан кейін жолаушыны жедел жәрдем алып кетті», - деп хабарлады әуе компаниясы.
Қазіргі уақытта оның өміріне төнген қауіп жоқ.
«Әуе компаниясының экипажы осы рейсте болған кардиолог Гүлшан Мамедоваға көрсеткен көмегі мен кәсібилігі үшін алғысын білдіреді», - деп толықтырды әуе компаниясы.
Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Кеше, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік