10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЭкология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Бакуде оқитын қазақстандық студенттермен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, министр кездесу барысында студенттерге Бакуде БҰҰ Климаттық саммитінде СОР29 айтылған Қазақстанның бастамалары, Париж келісімі бойынша өзіне алған міндеттемелерді орындау жөніндегі Қазақстан жоспарлары және қабылданған көміртекті бейтараптық стратегиясы туралы айтып берді.
Qazaqstan ұлттық павильоны жұмысының алғашқы күндерінен бастап Қазақстандық студенттер еріктілер ретінде көмектесті: қонақтарды қарсы алды, аудармашы ретінде, қазақстандық экоөнімдердің дәмін татуды ұйымдастырды, СОР29 алаңында және павильонның конференц аймағында барлық іс-шараларға белсенді қатысты.
Кездесу соңында Ерлан Нысанбаев студенттерге елеулі көмек көрсеткені үшін алғыс айтып, бағалы сыйлықтар мен Экология және табиғи ресурстар министрлігінің атынан грамоталар табыс етті, - делінген ведомство мәліметінде.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді