Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыБакуде цифрлық технологияларды, инновацияларды және робототехниканы оқитын шығармашыл балаларға арналған үшінші халықаралық STEAM Azerbaijan 2023 фестивалі өтті, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап.
Фестиваль қатысушылары «Robokids», «Болашақ инженерлері», «Мехатроника», «Боат жарысы», «Хакатон», «VEX робототехникасы» және т.б. пәндер бойынша сайысқа түсті.
Бакудегі жарыста Қазақстан атынан Алматыдағы Қ.Сәтбаев атындағы университет базасында орналасқан Халықаралық робототехника академиясының 6 командасы бақ сынады.
Команда құрамы 8-17 жас аралығындағы оқушылардан жасақталған. Фестивальге 11 елден келген (оның ішінде Чехия, Нидерланды, Словакия, Түркия, Түрікменстан, Өзбекстан, Ұлыбритания, Қазақстан, Әзербайжан) 1 150 бала қатысты.
8-13 жас аралығындағы қазақстандық 3 команда VEX IQ санаты бойынша сайысқа түссе, 14-17 жас аралығындағы жеткіншектер 3 команда құрамында VEX V5 санаты бойынша өз роботтарымен бірге сайысқа түсті.
Еліміздің атынан сынға түсскен барлық 6 команда тамаша нәтиже көрсетіп, финалға жолдама алды.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар