Кеше, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралдыUtebayev University-нің басқарма төрағасы-ректоры Гүлзада Шакуликова Баку жоғары мұнай мектебіне барып, Әзірбайжан-Қазақстан ғылыми білім беру орталығының ашылу салтанатына қатысты. Бұл орталық оқу орындарының одан ары дамуына, кең бейінді ғылыми зерттеулер жүргізуіне, бірлескен ғылыми форум, конференция, семинарлар өткізу саласындағы жан-жақты ынтымақтастыққа жол ашады, деп хабарлайды Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Әзірбайжан-Қазақстан ғылыми білім беру орталығының мақсаты – ғылыми зерттеулер мен технологиялық прогресс арқылы тұрақты тәжірибелерді енгізу және қоршаған ортаны сақтауда ынтымақтастық орнату.
Бұл орталықтың тағы бір артықшылығы – экологиялық мәселелерді шешуге, тұрақты тәжірибелерді енгізуге және студенттер мен жас мамандардың біліктілігін арттыруға көмектеседі. Жастарды осында тарта отырып, біз өскелең ұрпақтың тұрақты даму және климаттың өзгеруіне қарсы жұмысты жалғастыруларына қолдау көрсетеміз, - дейді ректор Гүлзада Шакуликова.
Орталық Каспий теңізінің экологиялық проблемаларын зерттеуге, көмірсутек секторындағы көмірқышқыл газының шығарындыларын азайтудың инновациялық әдістерін әзірлеуге және мұнай-газ саласындағы процестерді оңтайландыру үшін озық цифрлық шешімдер қабылдауға септігін тигізеді. Сондай-ақ студенттерге, магистранттарға және оқытушыларға алмасу бағдарламаларына қатысу мүмкіндіктерін ұсына отырып, академиялық ұтқырлықты дамытады.
Кеше, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс16 Шілде, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамы15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?