11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекБакуде қазақтың көрнекті ақыны және ағартушысы Абай Құнанбайұлының 179 жылдығына орай Қазақстанның Әзербайжандағы елшілігі, Түркі мәдениеті және мұрасы қоры, Әзербайжан зиялы қауымы, абайтанушылары мен жазушыларының, сондай-ақ Әзербайжанның жоғары оқу орындарында оқитын қазақ студенттерінің қатысуымен естелік акция өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР СІМ мәліметінше, іс-шара басында қатысушылар Абайдың құрметіне аталған көшеде орналасқан ескерткіш тақтаның алдына гүл шоқтарын қойды.
Қазақстанның Әзербайжандағы елшілігінің кеңесшісі Еділ Мырзаханов қонақтарды Абай күнімен құттықтап, оның баға жетпес шығармашылық мұрасы қазақ халқының рухани байлығы ретінде болашақ ұрпақ үшін зор маңызға ие екенін атап өтті. Дипломат абайтанушыларға Абай шығармаларын әзербайжан тіліне аударғандары және бүкіл түркі әрі әлем әдебиеті үшін құндылық болып табылатын оның мұрасына құрмет пен сүйіспеншілік танытқандары үшін алғыс білдірді, - делінген мәліметте.
Өз кезегінде Әзербайжанның зиялы қауым өкілдері мен абайтанушылар Абайдың өмірі мен шығармашылық жолына тоқталды.
Іс-шара қазақ және әзербайжан жастарының Абайдың «Көзімнің қарасы» және «Май түні» сияқты шығармаларының орындалуымен аяқталды.
11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес