22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыАлматыда 2018 жылдың 17-18 мамыры күндері “InternetCA-2018 Орталық Азиядағы интернет саласының дамуы” ІХ ортаазиялық форумы өтеді.
Форум Астанадағы ЕҚЫҰ Офисі мен Конрад Аденауэр атындағы қордың қолдауымен өтеді.
Форумның тақырыбы: “БАҚ, мемлекет, қоғам: цифрлық қауіпсіздік пен медиа сауаттылық”
Форумда талқыланатын негізгі тақырыптар:
· Ақпараттық кеңістіктің дамуындағы мемлекет пен қоғамның, БАҚ-тың рөлі
· Шындықты қалыптастырудағы интернеттің әсері
· Цифрлық қауіпсіздік, дербес деректерді сақтау
· Орталық Азиядағы сөз бостандығы, БАҚ мүмкіндіктері
· Аудиторияның медиа сауаттылығы фейк жаңалықтарға, насихатқа қарсы ең тиімді құрал ретінде.
· Ксенофобия, өшпенділік тілі
· Медиакеңістікті реттеудегі мемлекеттің рөлі
Осымен тоғызыншы рет өткізілетін форумға Германия, Чехия, Ресей, Украина, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстаннан келген мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, ҮЕҰ-дың, дипломаттар, журналистер, сарапшылар, академиялық және бизнес орта өкілдері аймақ ақпараттық кеңістігіндегі БАҚ-тың, қоғамның және мемлекттің рөлдерін талқылай отырып, тың бастамалар мен идеяларды, нақты мысалдар мен құралдарды талқылайтын болады.
Өтетін күні: 17-18 мамыр 2018 жыл
Тіркеу уақыты: 9:30
Шараның басталуы: 10:00
Өтетін орны: Ramada Almaty отелі (Байтұрсынов көшесі, 27), Алматы, Қазақстан
Форумға баяндамашы ретінде 2018 жылдың 30 сәуіріне дейін тіркелуге болады: https://goo.gl/forms/qA8YP2Leq4nM47Q43
Егер сіз форумға қонақ ретінде қатысқыңыз келсе,2018 жылдың 10 мамырға дейін тіркелуіңізді сұраймыз: https://goo.gl/forms/zlEMhtazAR0Fswpm1
Қатысушылардың саны шектеулі.
Ұйымдастырушылар сіздің тіркелгеніңіз туралы ақпаратты 2018 жылдың 15 мамырана дейін электронды почтаңызға жібереді.
Толығырақ ақпарат алу үшін:
Алёна Кошкина, Думан Смаков
+7 727 292 2046, +7 747 987 9879, +7 702 629 2866
medianet.smm@gmail.com, medianet.kz
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев