Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАбай облысының әкімі Берік Уәли республикалық «Baiqymyz» гастрофестивалінде жеңімпаз атанған Абай ауданы Саржал ауылының тұрғындарымен кездесті. Аймақ басшысы ұлттық сусынымыз – қымызды ұлықтаған азаматтарға құрмет көрсетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Астана қаласында 19-20 шілде күндері өткен «Baiqymyz» гастрофестиваліне 50-ге жуық қымыз өндіруші өз өнімдерін ұсынған болатын. Саржал ауылының құрамасы сайыста І орын алып, 20 миллион теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықты иеленді.
Аймақ басшысы кездесуде саржалдық қымыз өндірушілерді құттықтап, Алғыс хат тапсырды. Алдағы уақытта да Абай өңірінің брендіне айналған қымызды республика деңгейінде насихаттаудың маңызды екенін атап өтті.
Мұны жылдар бойы атқарылған адал еңбектің әділ бағалануы деп есептеймін. Облысымыз үшін үлкен мәртебе әрі әділетті жеңіс деп бағалаймыз! Өйткені Саржалдың сары қымызы – көптен бері ел аузында жүрген, талай жұрттың таңдайын қақтырған табиғи өнім. Тек Абай облысы ғана емес, республикаға танымал брендке айналды, - деді облыс әкімі.
Фестиваль аясында Абай ауданынан келген кәсіпкер Сәулет Әнуаровтың «Adil Kymyz» өнімі «Күміс торсық» номинациясын иеленді. Ал Бесқарағай ауданынан қатысқан «Мукинов» шаруа қожалығының «Бесқарағай» типтес жылқысы «Қазақтың салмақты жылқысы» аталымы бойынша үздік деп танылды.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?