Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстанадағы «Қазанат» атшабарында 19-20 шілде күндері қазақ халқының дәстүрлі сусыны – қымызға арналған ауқымды «BaiQymyz – Бапталған қымыз» гастрофестивалі өтеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, іс-шараға еліміздің барлық өңірінен 50-ден астам қымыз өндіруші қатысады деп күтіліп отыр. Қонақтар саны 60 мың адамға дейін жетуі мүмкін.
Фестивальге байланысты 19-20 шілде күндері №18, 37 және 303 бағытындағы автобус қозғалысына уақытша өзгерістер енгізіледі. Осыған орай, қала тұрғындары мен қонақтарына жол жүру бағытын алдын ала жоспарлау ұсынылады.
Іс-шараның басты мақсаты – ұлттық тағам мәдениетін қайта жаңғырту, атап айтқанда, қымыз өндірісін ілгерілету және бұл дәстүрді халықаралық деңгейде таныстыру. Фестиваль аясында ең үздік қымыз өндірушіні анықтайтын байқау өткізіледі, - делінген мәліметте.
Жеңімпаздар мынадай жүлде қорымен марапатталады:
Фестиваль қазақтың ұлттық сусынын – қымызды денсаулық пен қонақжайлылықтың символы ретінде дәріптеуге, сонымен қатар еліміздегі агротуризм мен жылқы шаруашылығын дамытуға серпін беруге бағытталған.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?