1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіАстанада өтіп жатқан BaiQymyz-2026 халықаралық гастрономиялық фестивалі қазақ мәдениеті мен ұлттық тағамдарын дәріптейтін алаң ғана емес, түрлі елден келген адамдардың басын қосқан ерекше мерекеге айналды. Шетелдік қонақтар қазақ халқының салт-дәстүрімен жақынырақ танысып, ұлттық тағамдардан дәм татып, Қазақстанның қонақжайлығын сезінді, деп жазады Еl.kz интернет порталы.
Шетелден келген қонақтар еліміздің тарихы мен мәдени мұрасымен танысып, ұлттық спорт түрлерінен өтетін жарыстарды тамашалап, этноауылдарды, қолөнер көрмелері мен гастрономиялық аймақтарды аралап жүр.
Әсіресе, қымыз секілді ұлттық тағамдар, сондай-ақ ұлттық ойындар мен ат спорты жарыстары шетелдік меймандарға ерекше әсер қалдырды. Олардың айтуынша, мұндай шаралар Қазақстанның бірегей мәдениетін дәстүрлер арқылы тереңірек тануға мүмкіндік береді.
«Біз Америка Құрама Штаттарынан келдік. Қымыз фестиваліне қазақ мәдениетімен жақынырақ танысу үшін арнайы келдік. Қазақстанда тұрып, адамдарға көмектесу бізге ұнайды, бұл – керемет тәжірибе. Осы жерде көптеген тамаша жандармен таныстық, қазақ мәдениеті туралы күн сайын жаңа дүниелер біліп жатырмыз. Ең бастысы – қымызды жақсы көріп қалдық, оның мүмкіндігінше көп түрінен дәм татқымыз келеді», - деді АҚШ-тан келген Уайт пен Томас.
Шетелдік қонақтардың айтуынша, BaiQymyz-2026 фестивалі Қазақстанды ұлттық дәстүрі, музыкасы, спорты және халқының қонақжайлығы арқылы жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген.
Еске салайық, BaiQymyz-2026 халықаралық гастрономиялық фестивалі 11-12 шілде күндері Астанадағы «Қазанат» ипподромында өтіп жатыр.
Бағдарлама аясында ұлттық тағамдардан дәм тату, көрмелер, мәдени және спорттық іс-шаралар, ат спорты шоулары, отбасылық алаңдар мен танымал әншілердің концерттері ұйымдастырылған.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?