30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАқтауда жастарды құмар ойындардан аулақ жүруге бағыттауға арналған кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл шара жастарға мотивация беру үшін белгілі қайраткерлер шақырылған. Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығы лудоманияға тосқауыл қою бойынша мотивациялық кеш өткізуді қолға алып, оған өңір студенттері қатысты.
Әнші, актер Бағлан Әбдірайымов, адвокат Айбек Сүйіндіков, коуч, психолог Ришат Тынышбеков, парапауэрлифтингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ғани Есентемір түрлі тақырыптар бойынша пікір алмасып, сұрақтарға жауап берді.
Кездесу барысында Бағлан Әбдірайымов құмар ойынның соңы неге апаратынын айтса, адвокат Айбек Сүйіндіков құқықтық бағытта жастар нені білу керектігін егжей-тегжейлі баяндады. Құмар ойынның психологиясына үңілген Ришат Тынышбековтің тағылымды әңгімесін жастар ұйып тыңдады. Ал мүмкіндігінің шектеулі болғанына қарамастан параспорттан айтулы табысқа қол жеткізген Ғани Есентемір жастарға жігерді жасытпауды, алға қарай сенімді қадам басу туралы баяндады.
Кездесуде жастар қайраткерлердің өнегелі өмір жолына қанық болса, бір жағынан құқық, жетістікке ұмтылу, құмар ойыннан сақ болу секілді жайттарды қаперлеріне түйді.
Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығы алда мұндай кездесулерді ұйыдастырып, жастарды өнеге, өркениетке ұмтылуға баулуды жалғастырады.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды