22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыКерік пен мүйізтұмсықтың вальсін көргіңіз келе ме? Ендеше, Астана циркіне баруға асығыңыз!
2 шілдеде елордалық циркте «Азия жаңғырығы» ІХ халықаралық цирк өнері фестивалі басталды. 7 шілдеге созылатын ауқымды мәден шарада Астананың тұрғындары мен қала қонақтары әлемнің 8 елінен келген майталман әртістердің өнерін тамашалайды. Мұнда көрермендерге бұрын-соңды қойылмаған ерекше нөмірлер ұсынылады.
Мерекелік шараның алдында өткен баспасөз мәслихатында фестивальде қазақстандық және шетелдік цирк әртістерінің әзірлеген тосынсыйлары туралы көптеген қызықты мәліметтер айтылды. «Астаналық цирктің» бас директоры, ҚР еңбек сіңірген әртісі Ерік Жолжақсынов Беларусь, Голландия, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Түркменстан және Эфиопия елдерінен келген қонақтар есте қаларлық жарқын қойылымдар ұсынатынын айтты. Қазақстандық өнерпаздардың да шеберлігі қонақтардың өнерінен бір мысқал кем түспейді.
Ең қызығы, биыл Астананың туған күніне сонау ып-ыстық Африка жерінен экзотикалық жануарлар – Багира керік мен Бони мүйізтұмсық, үйретілген жануарлар мен маймылдар арнайы келіп отыр. Ресейлік цирктің жануарларды үйретушісі Роман Гормаш бізге төрт аяқты әртістер аренада вальс билеп, залдағы көрермендердің көңілін аулайтынын баяндады. Бұныңыз аздай, Багира керік цирк тамашалауға келген сұлулардың бірін сүйіп алады екен! Міне, керемет! Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жағдай күлкілі көрінгенімен, көрермендерге ұмытылмас әсер сыйлайды. Қыздарға «көз тастайтын» керіктің еркін жүріп-тұруы үшін астаналық цирк қызметкерлері есікті үлкейтіп, кейбір кедергілерді алып тастап, барынша жағдай жасаған.
Бұл күндері мотоцикл мінген эквилибристтер, арқанмен жүретін әртістер мен акробаттар кеш көркін қыздырады. Эфиопиялық әртістер орындайтын күрделі икарийлік ойындар да цирк мерекесінің басты жаңалықтарының бірі болмақ.
Әзірлеген – Жансая Төлеген
Сурет: Астана қалалық Мәдениет басқармасы
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев