Кеше, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралдыМинистр технология саласының мамандары үшін әлем бойынша беделді оқу орындарының бірі саналатын Draper University-не барып, Astana Hub-пен ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Келісімнің арқасында енді Түркі мемлекеттері ұйымы елдерінің 20 стартапы биылғы жылы Кремний алқабында акселерация бағдарламасы бойынша білім алады.
Олар үшін бұл өз білімдерін жетілдірудің, жаңа тәжірибе алудың және жобаны әлемдік нарыққа шығарудың бірегей мүмкіндігі.
"Бірінші кезеңде 80 ІТ-жоба өнімді дамыту және ілгерілету бойынша екі апталық онлайн-бағдарламадан өтеді, халықаралық венчурлік қорлардан инвестициялар тарту принциптерін зерделейді.
Олардың ішінен 5 аптаға созылатын акселерациялық бағдарламаға қатысу үшін Draper University-не тікелей баратын 20 жоба іріктеледі. Осылайша стартап иелеріне 6 айға дейін тұратын орын және жұмыс істейтін кеңістік беріледі.
Оқыту процесі Draper экожүйесіндегі әлемге танымал технология саласындағы кәсіпкерлер және
сарапшылардың қатысуымен жүзеге асады. Бұл өз кезегінде Түркі елдерінің стартаптапы үшін инвестиция тартуға, сондай-ақ жаһандық нарыққа шығуы үшін жасалатын қадам" деп жазды министр.
Кеше, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс16 Шілде, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамы15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?