Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыШымкентте бағдаршамның қызыл түсінде тоқтап тұрған көліктің ішінде есірткі шеккен жігіт ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Toyota Camry көлігінің алдыңғы орындығында отырған жас жігіт бағдаршамға тоқтап, қағаз ақшаны түтікке домалатып, мұрнымен ұнтақ тәрізді затты иіскеген.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, ЖБО-ның кезекшілері бұл туралы дереу патрульдік полицияның жақын маңдағы экипажына хабарлады. Тәртіп сақшылары көлікті Назарбеков көшесінің бойында 4 минут ішінде ұстады. Тексеру барысында көліктен марихуана салынған қағаз бума және мефедрон салынған 2 полиэтилен пакеті табылды, - делінген мәліметте.
ҚР ҚК 296-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіліп жатыр.
24 жастағы күдіктіге ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар