Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіПрезидент қойған міндеттерді жүзеге асыру бағытында тауарларға баға белгілеуді ашық ету үшін қандай шаралар атқарылып жатыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Президент Жолдауында белгіленген міндеттерге сәйкес Үкімет тауар нарықтарында ашық және бәсекелестік жағдайлар туғызу үшін тиісті шаралар қабылдауда. Мәселен, 2024 жылғы желтоқсанда нарықтың ашық жұмыс істеу ережелерін орнату үшін бәсекелестік ортаны дамытуға бағытталған Биржалық сауда туралы заң қабылданды.
«Әлеуметтік маңызы бар биржалық тауар» ұғымы заңнамалық түрде енгізілді, ол энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шешуші маңызға ие. Бұл алыпсатарлықты жойып, бағаны ашық белгілеуге және отандық нарықты осы тауарлармен тұрақты қамтамасыз етуге кепілдік береді», - деп атап өтті сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев.
Одан бөлек, әлеуметтік маңызы бар тауарлармен сауданы жүзеге асыруға уәкілетті биржаларды конкурстық іріктеу тетігі енгізілді. Бұл аффилиирленген құрылымдардың құрылуын болдырмайды және қатысушылардың сауда алаңдарына тең қол жеткізе алуына кепілдік береді.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады