23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Backstreet Boys тобының мүшелері қазақтың бай мәдениетімен танысты. Мәселен, бүгін өнер иелері Астанада домбыра тартып үйренді, деп жазады El.kz интернет порталы.
Продюсер Мәлік Хасенов Instagram-парақшасында видео жариялады. Онда ол әртістермен бірге «Бәйтеректің» ішінде домбыра сабағын өткізіп жатқан сәт көрсетілген. Хасенов шеберлік сабағын жүргізсе, топ мүшелері ынта қойып тыңдап, аспаптың қыр-сырын меңгеруге тырысуда.
Айта кетерлігі, топтың бір мүшесі Ник Картер қазақтың дәстүрлі шапанын киіп шыққан.
«Алтын домбыра» мектебі және жаңа шәкірттер, – деп жазба қалдырды продюсер.
Бұған қоса, Хасенов музыканттардың «Дос Мұқасан» ансамблінің аңызға айналған «Той жыры» әнінің әуенімен түскен суреттерін де жариялады.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік