Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАлматы облысы ауқымды инвестициялық жобаның алаңына айналуы мүмкін: әлемдегі қант индустриясының көшбасшыларының бірі — Біріккен Араб Әмірліктерінің Al Khaleej Sugar компаниясы Қонаев қаласына жақын жерде қант зауытын салу мүмкіндігін қарастыруда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев пен компанияның басқарушы директоры шейх Джамаль Әл Ғурайр арасындағы кездесуде жер учаскесін таңдау, қант қызылшасына арналған егіс алқаптарын ұйымдастыру, су ресурстарына қол жеткізу және зауытты энергиямен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Жобаны жүзеге асыруға қолайлы орын ретінде логистика тұрғысынан ыңғайлы Қонаев қаласына жақын орналасқан аумақ таңдалып отыр.
Біз қайта жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, толықтай автономды кәсіпорын құрмақпыз. Бұл қоршаған ортаға әсерді барынша азайтуға мүмкіндік береді, — деп атап өтті шейх Джамаль Әл Ғурайр.
Al Khaleej Sugar — әлемдегі ең ірі автономды қант зауыты, жаһандық тазартылған қант нарығының шамамен 3%-ын қамтамасыз етеді. Компания өндірістен бастап құрылыс пен жылжымайтын мүлікке дейінгі түрлі салаларда табысты жобаларымен танымал.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?