Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыБіріккен Араб Әмірліктерінде қаза болған Қазақстанның екі азаматының денесі елге жеткізу үшін жөнелтілді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов мәлімдеді.
Оның айтуынша, 28 тамызда Қазақстанның Дубайдағы Бас консулдығы қаза болған азаматтар Ақжан Боханова мен Жұлдыз Боханованың денелерін Отанына жөнелтуді ұйымдастырған.
28 тамызда ҚР Дубайдағы Бас консулдығы қаза болған Қазақстан азаматтары Ақжан Боханова мен Жұлдыз Боханованың денелерін Отанына жөнелтуді ұйымдастырды, - деп жазды Жанболат Үсенов.
Қазіргі уақытта қазақстандықтардың қаза болу себептері мен мән-жайларын БАӘ-нің құқық қорғау органдары тергеп жатыр. Қазақстандық дипломаттар Әмірлік прокуратурасымен және басқа да құзырлы органдармен тұрақты байланыста.
Сыртқы істер министрлігінің өкілдері марқұмдардың отбасына қажетті көмек көрсетуді жалғастыратынын хабарлады.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады, - деді Жанболат Үсенов.
Еске салайық, бұған дейін ҚР Сыртқы істер министрлігі БАӘ-нің Шарджа қаласында Қазақстанның екі азаматы қаза болғанын хабарлаған еді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді