Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліАтырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот отырысы 5 қыркүйекте қайта жалғасады, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Сотта куәгерлер Атырау қалалық мәдениет және спорт бөлімінің есеп және есептеу бөлімінің меңгерушісі Лиза Укешова мен Сарайшық ауылдық округінің әкімі Жексенбай Фазуловтың жауабы тыңдалды. Олардан өзге үш куәгер белгісіз себептермен сот процесіне келмей қалды.
Енді соттың келесі отырысы 5 қыркүйекте жалғасады.
Бұған дейін 11 тамызда Атырауда облыс әкімінің орынбасары болған Бақытгүл Хаменоваға, Атырау облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев пен «Балқыту» ЖШС директоры Өміртай Адамовқа қатысты сот өтіп жатқанын жазған болатынбыз.
Бақытгүл Хаменова мен Ақылбек Рысқалиевтың ісі ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен тергелген. Ал, «Балқыту» ЖШС директоры Өміртай Адамов ҚР Қылмыстық кодекстің 367-бабының 2-бөлігімен тергеуге алынған.
Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Бақытгүл Хаменова Абай ескерткішін орнатуға бөлінген қаражаттан пара алды деген күдікке ілінген. Ол былтырғы желтоқсан айында ұсталып, тергеу изоляторына қамалды.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс