30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыЦифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Үкімет отырысында ІТ саласын дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды El.kz
ІТ-экожүйесін дамытудың маңызды бөлігі – адами капитал. Мемлекет басшысы 2025 жылға қарай кемінде 100 мың білікті IT маманын даярлау міндетін қойды. Өткен жылдың соңы бойынша 22 мыңнан 4 астам IТ-маман дайындалды. Ел өңірлерінде 3 IT-технопарк ашылды. 2021 жылы 7 жекеменшік инновациялық IT-мектебі ашылды. Осы жылы жаңа 4 мектеп ашылды. Балама білім беру ретінде өткен жылы 13 IT-мектепке 100 ваучер берілді. Биыл 3 мың ваучер ұсынылады. Жоғағы оқу орындарында ІТ білімінің сапасын арттыру үшін 14 ІТ факультеттерін профильдік IT-университеттермен интеграциялау жүргізілді, деді министр.
Оның айтуынша, ІT-экспорт соңғы екі жылда 2 есе өсімді көрсетті.
Өткен жылы IT-нарығының көлемі 3,6 млрд АҚШ долларын құрады. Экспорты акселерациялау бағдарламасы шеңберінде 800 мың АҚШ долларына келісімшарттар жасалды. Отандық компанияларды сыртқы нарықтарда қолдау үшін 8 шет елде презентациялар көрсетілді, - деді Бағдат Мусин.
Министрдің мәліметінше, елімізге шетелдік IT-компанияларды көшіру бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде.
Қазірдің өзінде айтарлық нәтиже бар, бұл бағыттағы жұмыс өз жалғасын табады. Астана Халықаралық қаржы орталығында Экспат орталығының базасында «бір терезе» қағидаты бойынша шетелдік IT-мамандар үшін арнайы қызмет іске қосылды. Бүгінде 1 мыңнан астам IT маманына көмек көрсетілді, - дейді ведомство басшысы.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды