7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?
2022 жылғы 13 мамырда Орталық референдум комиссиясы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесе отырып, референдумға дайындық және оны өткізу мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының бас редакторларына арналған оқыту семинарын өткізді.
2022 жылғы 13 мамырда Орталық референдум комиссиясы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесіп, онлайн режимінде қоғамдық бірлестіктер өкілдеріне арналған оқыту семинарын өткізді. Іс-шараға 130 адам қатысты.
Іс-шара барысында 2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдум туралы, «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы, республикалық референдумды дайындау мен өткізу, қаржыландыру, үгіт, электораттық оқытуды ұйымдастыру, БАҚ өкілдерін аккредиттеу, сондай-ақ референдум туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік мәселелері бойынша түсініктемелер берілді.
Семинардың спикерлері ретінде Орталық референдум комиссиясы тарапынан ҚР ОРК хатшысы Мұхтар Ерман, ОРК мүшелері Сабила Мұстафина, Анастасия Щегорцова сөз сөйледі.
Сондай-ақ, семинарда Әділет вице-министрі Айгүл Мұқанова, Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Нұргүл Мауберлинова, Бас прокурордың аға көмекшісі Азамат Сарғазин сөз сөйледі.
Семинар соңында Орталық референдум комиссиясының және уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері семинарға қатысушылардың сұрақтарына толыққанды жауап берді.
Фото sostav.ru
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?