13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызБіріккен Ұлттар ұйымының (БҰҰ) қарусыздану саласындағы стипендиаттары Қазақстанға сапармен келеді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды El.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Осы жылдың 24-28 қыркүйегі аралығында қарусыздану саласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымы бағдарламасының стипендиаттары Қазақстан Республикасына сапарлайды. Бұл бағдарлама жыл сайын БҰҰ Қарусыздану мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен әлемнің 25 елінен келген жас дипломаттар үшін өткізіледі. Олар өздерінің кәсіби мансабын одан әрі қарусыздану тақырыбымен байланыстырады деп күтілуде», - деді СІМ өкілі ведомствоның апта сайын өтетін брифингі барысында.
Оның атап өтуінше, бағдарлама жұмыс істеген жылдар ішінде Ұйымның стипендиаттары Қазақстанға 2013, 2015 және 2019 жылдары келген.
«Сапарды ҚР Сыртқы істер министрлігі, Энергетика министрлігі және Ұлттық ядролық орталығы бірлесіп ұйымдастырады. Оның аясында стипендиаттар Курчатов қаласына, бұрынғы Семей сынақ полигонының аумағына барады. Сондай-ақ Ұлттық ядролық орталықтың қызметімен танысады», - деді Айбек Смадияров.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды