Бүгiн, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?Орал қаласының Достық үйінде Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясы аналар Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.
Кеңес отырысының ашылуында облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Абдоллаұлы Оспанқұлов 8 Наурыз – халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында аналар Кеңесінің төрайымдарын облыс әкімі Алтай Көлгіновтің атынан алғыс хаттармен марапаттады.
Кеңестің күн тәртібінің алғашқы сұрағы бойынша БҚО ҚХА төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғайса Қапақов облыстың «Аналар Кеңесі қызметінің картасының жүзеге асырылуы және Аналар кеңесінің қызметі мен жұмыс бағыты туралы» баяндама жасап, қатысушыларға жалпы мәлімет беріп өтті.
Аналар Кеңесінің мүшесі Нұрия Хабибуллина «Казталов аудандық аналар кеңесінің мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларға қатысуы туралы» баяндап, аудан көлемінде биылғы жылы атқарылатын жұмыс жоспарымен бөлісті.
БҚО ҚХА Аналар Кеңесінің төрайымы Шалқыма Құрманалина дәстүрлі қазақы тәрбие бағытында «Қазақ тәрбиесі жүйесіндегі ар-намыс пен абырой» туралы өзінің ойымен бөлісіп, Аналар кеңесінің отырыстарында дәстүрлі қазақы тәрбие тақырыптарын талқылау туралы әңгімелер айтылуы қажеттігіне баса назар аударды.
Күн тәртібіндегі аталған мәселелер туралы қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, ұсыныстарын білдірді. Шара соңында кеңес мүшелері жоғарыда көтерілген мәселелер бойынша шешім қабылдады.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР:
Бүгiн, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?Кеше, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд