2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліСарыарқа ауданы полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары кешенін жүргізу барысында бірқатар алаяқтық жасағаны үшін 34 жастағы әйелді ұстады, деп хабарлайды EL.KZ қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нұр-Сұлтанда күдікті кәмелетке толмаған балаларға жақындап, өзін емші ретінде таныстырған және олардың ата-аналарының, жақын туыстарының дуалаған қарғыстарын шешіп беремін деген сылтаумен үйден зергерлік бұйымдарды алып шығуларын сұрағаны анықталды. Осылайша әйел, үйлеріндегі алтын дуаланғанын және бақытсыздық әкелуі мүмкін дегенді айтып, балаларды алдап кеткен. Алаяқтың айла-амалына 16 жасар қыз бала алданып, оған 500 мың теңге тұратын алтын берген. Келесі бір жағдайда, алаяқ жағалауда 13 жасар қыздан бір жарым миллион теңге сомасына алтын бұйымды иемденіп кеткен, - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұрын әйелдің алаяқтық жасағаны үшін сотталғаны анықталды. Ол Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс