2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліБүгін Қазақстанның басым бөлігі кең, суық антициклонның ықпалында болады, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, түнгі сағаттарда тұман және үсік жүреді, деп хабарлайды El.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен батыста жаңбыр жауады, күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін, шығыста жауын-шашын, кейде жаңбыр мен сулы қар түрінде түседі. Еліміздің басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, оңтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста екпіні 23-28 м/с дейін барады, күндіз батыстан, оңтүстіктен шаңды дауыл соғады.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Атырау облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде Ақмола, Қостанай облыстарының солтүстік-шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, Қарағанды облысының солтүстік шығысында, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстігінде, шығысында, Абай облысының солтүстігінде 1-3 градус үсік жүреді.
Нұр-Сұлтан қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыс, шығыс бағыттардан соғатын желдің күші түнде 2-7, күндіз 5-10 м/с болады. Ауаның температурасы түнде +2+4°С, топырақ бетінде 2°С үсік, күндіз +16+18°С болады.
Ал Алматы қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші - 3-8 м/с. Ауаның температурасы түнде +8+10°С, күндіз +21+23°С болады.
Шымкент қаласында аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан соғады, күші - 8-13 м/с. Ауаның температурасы түнде +14+16°С, күндіз +31+33°С болады.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс