30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыБүгін, 21 тамызда Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, деп хабарлайды El.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Таңертең және күндіз Ақмола облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман түседі, батысында түнде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.
Күндіз Алматы облысының таулы аудандарына бұршақ жауады. Солтүстік-шығыс желі облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с дейін соғады.
21 тамызда Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, найзағай кезінде екпіні - 15-20 м/с.
Таңертең және күндіз Қызылорда облысының орталығында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
21 тамызда күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні - 18 м/с .
Ал Батыс Қазақстан облысының батысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде облыстың солтүстігінде тұман түсіп, шығысында жер бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді.
Осы күні Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші - 15-20, екпіні - 25 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
21 тамызда түнде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысыңда тұман түседі.
23 тамыз күні күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарда найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, 21-23 тамызда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда - 15-20 м/с, 21-22 тамызда екпіні 23 м/с күтіледі.
Түнде Қарағанды облысының солтүстік бөлігінде топырақ бетінде 2 градус үсік сақталады.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды