30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАуыл шаруашылығы министрлігі азық-түлік тауарларының тапшылығы болмайтынын, тиісінше, баға өспейтінін айтты, деп хабарлайды El.kz
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Аграрлық азық-түлік және ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу департаменті директоры міндетін атқарушы Сәуле Жұрынова ішкі нарықта азық-түлік тапшылығы жоқтығын және халықтың қажеттілігін жабу үшін қажетті қор бар екенін айтты.
«Ет өнімдері бойынша өзімізді толық қамтамасыз етеміз. Біз импортқа тәуелді жалғыз өнім – құс еті. Қазіргі уақытта бірінші кезекте азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ірі қара мал мен ұсақ малды шығаруға тыйым салынды. Бұл ретте ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің көптеген мәселелері мен өтінішін ескеріп, осы мәселені квоталау қарастырылуда. Тапшылықтың болмауына байланысты бағаның өсуі де күтілмейді», - деді С. Жұрынова.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 31 тамыздағы жағдай бойынша әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түлік бір жылда 19% қымбаттады. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінен 2,1 пайызға жоғары. Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары 0,1%, ай басынан бері 0,7%, жыл басынан 19% қымбаттаған.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды