Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен, Үкіметтің келісімі бойынша «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы лауазымына Асылхан Джувашев тағайындалды, деп хабарлайды El.kz.
Асылхан Джувашев 41 жаста. Әр жылдары «ҚазАгро» холдингі, «ҚазАгроҚаржы» АҚ-да жұмыс істеген.
Тағайындалғанға дейін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
«Сонымен бірге Азық-түлік корпорациясы Басқарма төрағасының орынбасары лауазымына бұрын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-да жұмыс істеген Дархан Дәуітов тағайындалды. Ал бұған дейін «Отбасы банк» АҚ бірінші тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы директорының орынбасары қызметін атқарған Азат Әшімов ұлттық компанияның атқарушы директоры болды. Айта кетейік, «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ-ның бұрынғы басшылығы Сапархан Омаров, Қанат Қараулов және Әсет Бектеміров өз еріктерімен қызметінен кетті», - делінген Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарламасында.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс