6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер67 жастағы бизнесмен және Үндістанның ең бай адамы Мукеш Амбани ұлы Анант Амбанидің үйлену тойын барынша дарақылықпен өткізуді жөн көріпті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл айтулы іс-шараға кәсіпкер 350 миллион доллар (165 млрд теңгеден астам) жұмсамақ.
The Indian Express басылымының мәліметінше, үйлену тойы бүгін, 12 шілдеде, басталып, үш күнге созылады.
Амбанидің қалыңдығының есімі – Радхика Мерчант. Ол Encore Healthcare деп аталатын ірі фармацевтикалық компания басшысының қызы.
Сол үшін қаладағы аудандардың бірінде қозғалыс шектеледі. Дәл сол жерде іс-шара өтеді. Бұл аудан көлемі футбол алаңынан 12 есе үлкен.
Ал қонақ ретінде Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди, министрлер мен депутаттардан бөлек, Болливуд жұлдыздары, тіпті апалы-сіңлілі Кардашьяндар келеді. Қонақтарды алып жүру үшін үш бірдей Falcon 2000 ұшағы дайын тұр.
Үш күндік тойға барлығы 100-ден астам жеке ұшақ жұмылдырылмақ.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі