6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚытайдың Ханчжоу қаласында өткен ХІХ жазғы Азия ойындарында Қазақстан 80 медаль жеңіп алды. Енді оларға қанша сыйақы төленетіні анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан 10 алтын, 22 күміс және 48 қола медаль иеленді. № 1345 үкімет қаулысында Азиада чемпиондары мен жүлдегерлеріне берілетін сыйақы мөлшері көрсетілген. Оған сәйкес:
- алтын медаль алғандарға 10 000 доллар;
- күміс медаль алғандарға 5000 доллар;
- қола медаль алғандарға 3000 доллар беріледі.
Сонымен қатар чемпиондар мен жүлдегерлердің жаттықтырушыларына да тиісінше 5000, 3000 және 2000 доллар сыйақы төленеді. Ал командалық сайыс түрлерінде әрбір спортшыға жеке-жеке сыйақы беріледі.
Жалпы, Азия ойындарының чемпиондары 140 мың доллар сыйақыға ие болады. Күміс жүлдегерлер 175 000, қола жүлдегерлер 291 мың доллар. Яғни спортшыларға кемі 606 000 доллар, яғни 288 миллион теңге сыйақы қарастырылған.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі