6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚазақстандық велошабандоз Рината Сұлтанова Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды.
Отандасымыз тасжолдағы велоспорттан әйелдер арасындағы жекелей уақытқа жарыста үздік нәтиже көрсетіп, Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медальді салды.
Рината Сұлтанова жарыс жолын 36 минут 23,72 секундта бағындырды.
Екінші орын Қытай өкілі Чжан Хаоға бұйырды. Ол қазақстандық велошабандоздан 4,86 секундқа қалып қойды. Ал Оңтүстік Корея спортшысы Шин Чиын жеңімпаздан 32,42 секунд кейін келіп, қола жүлдеге ие болды.
Жарыс нәтижесі:
Осылайша, Рината Сұлтанова Қазақстан құрамасының 2026 жылғы Азия ойындарындағы алғашқы алтын медалін жеңіп алды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанға Азия ойындарындағы алғашқы қола жүлдені Арлан Жаңабай әкелген болатын. Ол ерлер арасындағы триатлон бәсекесінде үшінші орын иеленді.
Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында екі медаль – бір алтын және бір қола жүлде бар.
Айта кетейік, Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі