Азия ойындарына кімдер барады? Астанада жеңіл атлетикадан ел чемпионаты өтіп жатыр

Азия ойындарына кімдер барады? Астанада жеңіл атлетикадан ел чемпионаты өтіп жатыр

Мадина Асылбекова
Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

Астанада жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Биылғы біріншілік 2026 жылы Жапонияда өтетін Азия ойындарына қатысатын ұлттық құраманы жасақтаудағы негізгі іріктеу жарысы болмақ.

Салтанатты рәсімге Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының бірінші вице-президенті Алпамыс Бақытұлы, федерацияның бас хатшысы Келбет Нұрғазина және Солтүстік Қазақстан облыстық жеңіл атлетика федерациясының президенті Александр Апенько қатысты.

Алпамыс Бақытұлы, Келбет Нұрғазина, Александр Апенько

Алпамыс Бақытұлы бұл чемпионаттың спортшылар үшін ерекше маңызға ие екенін атап өтті.

Бұл – Азия ойындарының алдындағы ең маңызды сындардың бірі. Барлық спортшыларға сәттілік тілеймін. Әрқайсысы өз мүмкіндігін толық пайдаланып, жоғары нәтиже көрсетеді деп сенемін, – деді федерацияның бірінші вице-президенті жарыстың ашылу рәсімінде.

Чемпионат Қазақ ұлттық спорт университетінің жеңіл атлетика стадионында өтіп жатыр. Ал лақтыру түрлері LASK жеңіл атлетикалық кешенінде ұйымдастырылған.

Жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты

Биылғы ел біріншілігіне Қазақстанның 17 өңірінен 265-тен астам спортшы қатысуда. Олардың қатарында ұлттық құраманың жетекші жеңіл атлеттері – Каролин Чепкоеч Кипкируи, Дэйзи Джепкемей, Кристина Овчинникова, Надежда Дубовицкая, Елизавета Матвеева, Анастасия Рыпакова, Мария Ефремова, Аделина Земс, Андрей Соколов, Эльнур Мұхитдинов, Иван Иванов, Иван Товченник, Виктория Ан, Виталий Земс, Вячеслав Земс және басқа да спортшылар бар.

Жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты

Федерацияның бас хатшысы Келбет Нұрғазинаның айтуынша, осы чемпионаттың қорытындысы бойынша Азия ойындарына қатысатын құрам жасақталады.

Биылғы чемпионаттың ерекшелігі – Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсететін кениялық спортшылар да қатысып жатыр. Атап айтқанда, Кэролайн Дейзи мен Шадрик бақ сынайды. Сонымен қатар әйелдер арасындағы биіктікке секіруде үш спортшы – Надежда Овчинникова, Елизавета Дубовицкая және Матвеева өзара бәсекеге түседі. Өздеріңіз білетіндей, Азия ойындарына бұл дисциплина бойынша екі ғана спортшы қатыса алады. Сондықтан осы чемпионаттың қорытындысы бойынша құрам анықталады, – деді ол.

Жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты

Бас хатшы федерацияның Азия ойындарына арналған медальдық жоспары туралы да айтып өтті.

Әрбір кешенді жарыс алдында министрлікке медальдық жоспар ұсынылады. Біз федерация ретінде бір алтын, бір күміс және екі қола медаль алуды жоспарлап отырмыз. Әрине, алтын медаль алу оңай болмайды. Бірақ спортта үмітсіздікке орын жоқ. Сондықтан ең жоғары нәтижеге ұмтылуымыз керек, – деді Келбет Нұрғазина.

Алғашқы күннің жеңімпаздары

Чемпионаттың алғашқы жарыс күнінде спорттық жүріс, жүгіру, секіру, лақтыру және эстафеталық жарыстар бойынша жеңімпаздар анықталды.

Жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты

100 метрге жүгіру

Ерлер: Алмат Төлебаев (Алматы) – 10,71 секунд

Әйелдер: Виктория Ан (Астана) – 11,90 секунд

400 метрге жүгіру

Ерлер: Эльнур Мұхитдинов (Шығыс Қазақстан облысы) – 47,66 секунд

Әйелдер: Милана Зубарева (Қарағанды облысы) – 56,98 секунд

1500 метрге жүгіру

Ерлер: Игорь Хрунин (Шығыс Қазақстан облысы) – 4:00,75

Әйелдер: Аяна Болатбекқызы (Жетісу облысы) – 4:26,77

Жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты

10 000 метрге жүгіру

Ерлер: Максим Фроловский (Алматы) – 28:50,94

Әйелдер: Дэйзи Джепкемей (Шығыс Қазақстан облысы) – 33:52,33

Жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты

4×100 метрлік эстафета

Ерлер: Қарағанды облысы – 42,12 секунд

Әйелдер: Алматы қаласы – 48,56 секунд

Ұзындыққа секіру

Ерлер: Александр Кузьмичев (Маңғыстау облысы) – 7,18 метр

Әйелдер: Анастасия Рыпакова (Шығыс Қазақстан облысы) – 6,11 метр

Жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты
Жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты

Биіктікке секіру

Әйелдер: Кристина Овчинникова (Қарағанды облысы) – 1,84 метр

20 шақырымдық спорттық жүріс

Ерлер: Жарылқасын Егізбай (Шымкент) – 1:35:58,47

Әйелдер: Кристина Морозова (Алматы) – 1:44:12,16

Найза лақтыру

Ерлер: Алексей Хлыстов (Шығыс Қазақстан облысы) – 70,47 метр

Әйелдер: Варвара Назарова (Шығыс Қазақстан облысы) – 45,75 метр

Жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты

Ядро лақтыру

Әйелдер: Ангелина Полтинова (Шымкент) – 12,05 метр

Сырықпен секіру

Әйелдер: Анастасия Ибрагимова (Алматы) – 3,90 метр

Жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты

Айта кетейік, Қазақстан чемпионаты 24 шілдеге дейін жалғасады.

Оқи отырыңыз

{