13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызЖапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында қазақстандық спортшылар бірнеше спорт түрінен жарыс жолына шығып, жүлделі нәтижелерге қол жеткізді, деп хабарлайды Еl.kz интернет порталы.
Бокстан Қазақстан құрамасының өкілі, екі дүркін әлем чемпионы Махмұд Сабырхан Аичи-Нагоядағы алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастады. 55 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен отандасымыз 1/8 финалда Иран боксшысын 5:0 есебімен жеңіп, жарыстың ширек финалына жолдама алды.
Енді Махмұд Сабырхан жартылай финалға шығу үшін Ирак пен Оңтүстік Корея боксшылары арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен кездеседі.
Ал әйелдер арасындағы 60 келі салмақта Қазақстан өкілі Виктория Графеева 1/8 финалда Париж Олимпиадасының чемпионы Линь Юйтинмен жұдырықтасты. Тартысты жекпе-жек 2:3 есебімен қытайлық спортшының пайдасына аяқталды.
Айта кетейік, екі боксшы бұған дейін маусым айында Қытайда өткен әлем кубогының финалында да кездескен болатын. Сол жолы Виктория Графеева жеңіске жеткен.
Бұдан бөлек, Қазақстан қоржынына семсерлесуден де жүлде түсуге жақын. Қылыш бағдарламасында ерлер құрамасы командалық сайыстың жартылай финалына шықты.
Қазақстандық семсерлесушілер 1/8 финалда Сауд Арабиясы құрамасын 45:32 есебімен жеңсе, ширек финалда Қытай командасынан 45:40 есебімен басым түсті. Осы нәтижеден кейін ұлттық құрама кем дегенде қола жүлдені қамтамасыз етті.
Қазақстан құрамасы финалға шығу жолдамасын жарыс қожайыны Жапония командасымен сарапқа салады.
Ескек есуден де қазақстандық спортшылар Азия ойындарының жүлдесіне ие болды. Аичи префектурасындағы Миёси көлінде өткен каноэ жарысында Сергей Емельянов пен Руфина Искакова 500 метр қашықтықтағы микст бәсекесінде қола медаль жеңіп алды.
Қазақстандық жұп мәреге 1:51.124 секунд нәтижесімен жетті. Бұл жарыста Қытай құрамасы алтын, Өзбекстан спортшылары күміс жүлдеге ие болды.
Нысана көздеуден әйелдер құрамасы да үздіктер қатарынан көрінді. 50 метр қашықтықтан винтовкамен үш позицияда ату бойынша командалық жарыста Арина Малиновская, Елизавета Безрукова және Софья Шулженко 1754-89х көрсеткішін тіркеп, үшінші орынға тұрақтады.
Ал әртістік жүзуден Қазақстан спортшылары ақтық сынға жолдама алды. Техникалық бағдарламадағы жұптық сайыста еліміздің атынан әлем чемпионы Наргиза Болатова мен Ясмин Туякова өнер көрсетті.
Қазақстандық жұп 279.6500 ұпай жинап, іріктеу кезеңін төртінші орында аяқтады. Нәтижесінде отандастарымыз жарыстың финалдық кезеңіне өтті.
Осылайша, Аичи-Нагоядағы Азия ойындарында Қазақстан спортшылары бокс, семсерлесу, ескек есу, нысана көздеу және әртістік жүзу спорт түрлерінде ел намысын қорғап жатыр.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды