Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыХанчжоуда өтіп жатқан XIX Азия ойындарында қазақстандық спортшылар жергілікті жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, біздің құрамаға Қытайда оқып жатқан студенттер, қандастармен қатар жергілікті спорт жанкүйерлері де қолдау білдіріп жатыр.
Қазақстандық дзюдошылардың белдесулерін көрдім. Жақсы өнер көрсетті. Қазақстанда да ірі халықаралық іс-шаралар өтетінін білемін. 2017 жылы сіздерде ЭКСПО көрмесі өткенінен хабардармын,- дейді Ханчжоу тұрғыны Дэн Юэ.
Сондай-ақ Азиадада жүрген еріктілердің арасында қазақстандық спортшыларға қолдау білдіретіндер көп. Олардың басым бөлігі Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері. Жастардан бөлек, Димаштың өнерін бағалайтын ересектер де қазақстандықтарға ыстық ықылас білдіруде.
Иә, мен ол әншіні (Димашты) білемін, концертте көрдім, өте керемет! Қазақстанның спортшылары мен жанкүйерлеріне алыстан келіп, Азиадаға қатысқандары үшін алғыс білдіреміз. Бұл өз еліне және спортқа деген сүйіспеншіліктің дәлелі,- дейді Азия ойындарын тамашалауға Бейжіңнен келген Лю Пэнчжань.
Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады12 Қазан, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді