13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызЖапонияның Аичи-Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы тағы екі қола медаль жеңіп алды. Жүлденің бірін нысана көздеуден Ислам Сатпаев иеленсе, екіншісі байдарка мен каноэде есуден әйелдер құрамасына бұйырды.
Ислам Сатпаев – қола жүлдегер
Қазақстандық мерген Ислам Сатпаев 50 метр қашықтықтан пневматикалық винтовкадан үш позиция бойынша ату жарысында үшінші орын алды.
Париж Олимпиадасының қола жүлдегері шешуші кезеңде Қытай спортшыларына ғана жол беріп, Азия ойындарының қола медаліне ие болды.
Бұл – Ислам Сатпаевтың Азия ойындарындағы кезекті ірі жетістіктерінің бірі. Еске сала кетейік, спортшы Париж Олимпиадасында Александра Лимен бірге 10 метр қашықтықтан пневматикалық винтовкамен атудағы аралас командалық жарыста қола медаль жеңіп алған болатын.
Байдаркадан әйелдер құрамасы да қола алды
Қазақстан құрамасының жүлде қоржыны байдарка мен каноэде есуден әйелдер арасындағы жарыста тағы бір қола медальмен толықты.
500 метр қашықтықтағы төрттік байдарка бойынша А финалында Ольга Шмелева, Стэлла Суханова, Татьяна Токарницкая және Эвелина Костенко өнер көрсетті.
Қазақстандық экипаж қашықтықты 1 минут 37,005 секундта бағындырып, үшінші орынға тұрақтады. Алтын медаль Қытай құрамасына бұйырды – 1:33,784. Күмісті Өзбекстан спортшылары иеленді – 1:36,561.
Стэлла Суханова жарыстың соңғы метрлерінде команданың бар күшін салғанын атап өтті.
Бұл өте қиын болды. Жүлде үшін күрес соңына дейін жалғасты. Бірақ біз бар күшімізді салып, соңына дейін жарыстық. Мәреге санаулы метр қалғанда қола жүлдені жұлып алдық, – деді спортшы.
Ал Ольга Шмелева финалда мықты қарсыластармен бәсекелесу оңай болмағанын айтты. Оның сөзінше, қазақстандықтар іріктеу кезеңіне қатыспай, бірден финалда өнер көрсеткен.
Спортшы Қытай құрамасының әлемдік деңгейдегі мықты командалардың бірі екенін атап өтіп, қазақстандық экипаждың оларға лайықты қарсылық көрсете алғанын айтты.
Қазақстан 27 медальмен төртінші орында
Ислам Сатпаев пен байдаркадан әйелдер құрамасының қоласы Қазақстан құрамасының Аичи-Нагоядағы медаль қорын 27 жүлдеге жеткізді.
Қазіргі есеп бойынша Қазақстан спортшыларының еншісінде 8 алтын, 8 күміс және 11 қола жүлде бар. Барлығы – 27 медаль. Қазақстан жалпы командалық есепте төртінші орында келеді.
Сонымен қатар семсерлесуден Қазақстанның әйелдер құрамасы жартылай финалға жолдама алып, жарысты жалғастыруда. Олар осылайша кем дегенде қола жүлдені қамтамасыз етті және финалға шығу үшін күреседі.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды