Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыСтенд атудан Алматы облысында өтіп жатқан Азия кубогында Қазақстан қоржыны төрт медальмен толықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҰОК мәліметінше, траптан жасөспірім ұлдар арасындағы турнирде қазақстандық Никита Моисеев топ жарды. Бұл сында күмісті Кувейт, қоланы Өзбекстан спортшысы иеленді.
Трап жаттығуы бойынша ерлер арасындағы финалда алтын медаль кувейттік Насер Мекладтың еншісінде кетті. Ол әлем және Азия рекордын жаңартып, жеңіске жетті.
Күміс және қола жүлдені тиісінше қазақстандықтар Әлішер Айсалбаев пен Марк Почивалов жеңіп алды.
Траптан әйелдер арасындағы финалдық сында қазақстандық Айжан Досмағамбетова қола жүлдегер атанды. Ол Қытай және Бахрейн спортшыларымен бірге үздік үштікке енді.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары