Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыХанчжоуда дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Азия кубогы өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қазақстандық дзюдошылар аталған жарысты 1 алтын, 2 күміс және 1 қола жүлдемен жалпыкомандалық есепте 3-ші орынмен аяқтады.
Ерлер құрамасынан Ермек Амангелді (-73 кг) жарысты ширек финалдан бастады. Ол алғашқы айналымда өзбекстандық Шавкат Саиткуловты жеңсе, жартылай финалда тәжікстандық Илхомиддин Жаббровтан айласын асырды. Ал финалда қытайлық Сун Цзянчжаоны жеңіп, чемпион атанды.
Ал Табылды Бигембаев (-66 кг) ширек Қытай спортшысына жеңсе, жартылай финалда тәжікстандық Нұрәли Набиді жеңді. Ал финалда Аустралия өкілі Миддлтон Вастан айласын асыра алмады.
-90 келіде белдескен Әлішер Ісламжанов алғашқы айналымда қытайлық балуанды қапы қалдырса, жартылай финала аустраиялық спортшыны сан соқтырды. Финалда аталған елдің балуанына жол беріп, күміс жүлдені місе тұтты.
Ұлықбек Әбілхайыр (-66 кг) алғашқы белдесуінде өзбек дзюдошысы Мирзохид Абдурахмотовты жеңсе, жартылай финалда Аустралия өкілі Миддлтон Вастантан осал болып шықты. Ал қол жүлде үшін күресте қытай балуаны Ван Сюйден басым түсті.
Айта кетерлігі, жарысқа Азия елінен 13 команда қатысты. Сондай-ақ, Қазақстан дзюшылары 26 қыркүйекте Қытайда өтетін Гран При турнирінде күреседі.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары